«Астана» президенттік баскетбол клубы ВТБ Лигасының кезекті ойынында ресейлік қарсыластарына 17 ұпай айырмашылығымен ұтылып қалды.

Аталмыш кездесудің нәтижесі 83:66 «Химкидің» пайдасына. «Астана» ВТБ Лигасындағы келесі кездесуін 21-ші қаңтар күні өз алаңында өткізеді.
Айта кетейік. турнир кестесінде астаналықтар 7-ші орында келе жатыр. Жалпы ВТБ Лигасында 13 команда өнер көрсетеді.