Хоккейден Қазақстан чемпионатында алматылықтар овертаймда жеңіске жетсе, ал «Теміртау» командасы негізгі уақытта жеңісін айқындады.

«Алматы» өз алаңында павлодарлық «Ертiсті» 4:3 есебімен овертаймда жеңді. Ал «Теміртау» астаналық «Номадтан» 4:2 есебімен басым түсті .
Айта кетейік, біріншіліктің көшбасында «Арлан» клубы. Атыраулық «Бейбарыс» екінші орында. Үздік үштікті «Номад» қортындылауда.