Боксшы мансабын аяқтаған Карл Фрочтің пікірінше, америкалық Дэниэл Джейкобс қазақстандық Геннадий Головкиннің ең мықты қарсыласы болмақ.

«Головкин – Джейкобс пе? Жақсы жекпе-жек, Джейкобс – орта салмақта мойындалған мықты әрі мығым боксшы. Маған оның не істеп жүргені ұнайды. Мықты сынақ. Бұл Головкин үшін алғашқы нағын сынақ болады», - деді Фроч.