Ресейлік файтер Хабиб Нурмагомедов пен америкалық Тони Фергюсон арасындағы жекпе-жек ресми түрде жарияланды.

Аталмыш кездесу UFC 209 турнирі аясында өтеді. Қос файтер жеңіл салмақ дәрежесінде UFC Interim чемпиондық белбеуін сарапқа салады. Яғни, жеңімпаз жеңіл салмақтың толыққанды чемпионы ирландиялық Конор МакГрегормен кездеседі.

Естеріңізге сала кетсек, екі жақ ұзақ келіссөздер жүргізген болатын. Тіпті Хабибтің командасы Фергюсонға жекпе-жек үшін 200 мың доллар ұсынды.

UFC 209 турнирі наурыздың 4-і, Лас-Вегас қаласында өтеді.