«Қайрат» футзал клубы Қазақстан чемпионатындағы кезекті жеңісіне қол жеткізді.
«Ақтөбемен» өткен екінші ойынның қаһарманы Дуглас атанды. Қазақстан құрамасының қорғаушысы хет-трик жасады. Сондай-ақ, Какауоның командасында Дрот, Игор мен Першин көзге түсті. «Ақтөбе» сапында жалғыз голды бразилиялық Джонатан соқты. Осылайша, «Қайрат» «Ақтөбеден» екінші рет айласын асырды.