«Кардифф Сити» клубының спорт директоры Алишер Апсалямов жартылай қорғаушы Маруан Шамахтың Қазақстан премьер-лигасына не себепті ауыспағанын айтты. Бұл туралы Егемен Қазақстан жазды.

Бұған дейін Шамахтың Қазақстан премьер-лигасындағы «Алтай» ұжымына ауысатындығы хабарланған.

«Маруанның келісімшарты аяқталғандықтан, жақында маған «Алтай» клубының өкілдері байланысқа шыққан болатын. Қос тараптың арасында келіссөздер болғанын растай аламын. Негізінде ол ұсынысты қабылдауға дайын болған. Бірақ, оның сұраған жалақасы тым жоғары болғандықтан, бұл іс сәтсіз аяқталды», – деді Алишер Апсалямов.

Айта кетейік, валилік футболшының «Кардифф Ситимен» келісімі 2016 жылдың желтоқсан айының соңына таман аяқталған.

Ол «Бордо», «Арсенал», «Вест Хэм» және «Кристал Пэлас» сапында ойнаған. Сондай-ақ, бұған дейін 32 жастағы ойыншыға Алматының «Қайраты» да қызығушылық танытқан.