Португалия құрамасының бұрынғы қорғаушысы Рикарду Карвалью мансабын Қытай чемпионатында жалғастырады.

38 жастағы футболшы «Шанхай Теллэйс» клубымен бір жылдық келісім-шартқа отырды.

Карвалью былтыр жазда «Монако» клубымен келісім-шарты біткелі еш жерде ойнаған жоқ. Оған дейін «Порту», «Челси» және «Реал Мадридте» өнер көрсеткен болатын.