Футзалдан Қазақстан құрамасы мен «Қайраттың» ойыншысы Дәурен Нұрғожин жарақатына байланысты бір ай алаңға шықпайды.

Жаңа жылдық демалыста 25 жастағы футзалшы сырқаттанып қалды.

Естеріңізге сала кетсек, Дәурен Нұрғожин алматылық клубқа 2015-ші жылы «Тұлпардан» ауысқан болатын. Екі жыл ішінде Нұрғожин екі рет Қазақстан кубогы мен чемпионатын жеңіп, 2016-шы жылы Еременко кубогының иегері атанды.