Сербиялық Новак Джокович әлемнің бірінші ракеткасы Энди Маррейді «Qatar Open» жарысының финалында 6-3 5-7 6-4 есебімен ұтты.

Доха төрінде өткен финалдық кездесу 3 сағатқа созылды. Айта кетейік, бұл Новактың 2016 жылдың шілде айынан бері ұтқан алғашқы жарысы. Ол кезде сербиялық «Торонто мастерс» жарысында топ жарған еді.