«Барыстың» ресми сайты клубтың балалар командасының ойыншысы әрі жанкүйері Платон Даниленконың қазасы жайлы хабарлады.

«Сіздер осы кішкентай «барысты» өз алаңымызда өткізген ойындарда көрген боларсыздар. Біздің клубтың жанкүйері, «Барыс-2008» командасының түлегі - Платон Даниленко - көлік апатынан қайтыс болды. «Барыс» хоккей клубы балақайдың туыстары мен жақындарына көңіл айтады», - деп жазылған хабарламада.