Қазақстандық Галина Воскобоева қытайлық Синьюнь Ханьмен жұптасып осы аптада Қытайдың Шэньчжэнь қаласында өтіп жатқан «Shenzhen Open» турнирінің ширек финалына шықты.

Турнирдің сыйақы қоры 627 000 АҚШ доллары шамасында. Қазақстандық-қытайлық жұп бірінші айналымда Варатчая Вонгтеанчай мен Сяоди Юды жұбын 6:7(4), 6:0, 10:4 есебімен ұтты. Ширек финалда Воскобоева мен Хань Ракель Атаво мен И-Фань Сю жұбына жол беріп, жарыс жолынан шығып қалды.