Қарулы шабуыл құрбаны болған Расул Мирзаев өз Instagram парақшасына ауруханадағы фотоларын салды.

Сурете спортшы төсекте жатыр. Ал қасындағы адамдар қолдау көрсетуге келген достары.

«Мені қолдап, қал жағдайымды білуге келген жақындарыма деген алғысым шексіз», - деп пікрін білдірді.

Ауруханаға келгендердің ішінде атақты дағыстандық жекпе-жек шебері Әли Багаутдинов та бар. Айта кетейік, 31-ші желтоқсан күні белгісіз біреулер Мирзаевқа қарулы шабуыл жасаған. Расул шабуылдаушылардың бетін қайтарып өлім аузынан аман қалған. Дәрігерлер Расулдың денесінен екі оқты суырып алған.