Бокстан үш дүркін әлем чемпионы және Олимпиада ойындарының қола жүлдегері кубалық Ласаро Альваресті жергілікті бокс Федерациясы қатаң жазалады.

Куба бокс Федерациясы шашын басқа түске бояған Ласаро Альваресті Ұлттық құрамадан шығарып тастады да, алты ай мерзімде спорттан алыстатты.

«Мода үшін емес, діни себептерге байланысты шашымды басқа түске боядым. Кубаның бокс заңнамасында шаш бояуға тыйым салынған. Сол себепті олар мені спорттан шеттетті», - деді Ласаро.

Естеріңізге сала кетсек, Альварес әуесқой бокстан Куба құрамасының жетекші спортшысы болған. Ласаро үш рет әлем чемпионатын жеңген және екі рет Олимпиада ойындарында қола медаль иеленген.