Бірінші орта салмақ дәрежесінде IBF чемпионы Джермалл Чарло орта салмақ дәрежесіне көтерілуге дайын.

«Мигель Коттомен кездесу үшін бірінші орта салмақ дәрежесінде қалуға дайынмын. Котто – әлемдегі ең үздік боксшылардың бірі. Ал мен тек мықтылармен ғана кездескім келеді. Маған лайықты қарсылас табылмаса, орта салмаққа ауысамын», - деді Чарло BoxingScene сайтына.