Америкалық боксшы кіші Флойд Мейуэзер Геннадий Головкин мен Сауль Альварес арасында болуы мүмкін жекпе-жек жайлы пікірін айтты.

«Канело GGG-ді оңай жеңеді. Ол Головкинді нокаутқа түсіреді, жекпе-жек ұзаққа созылмайды. Бірақ Альварес менің боксшым болғанда, Головкинмен дәл қазір кездестірмес едім. Мен - промоутермін және бизнес жағын жақсы білемін. Жекпе-жекті дұрыс өткізу керек», - деді Мейуэзер.

Айта кетейік, Головкин - Канело жекпе-жегі 2017 жылдың қыркүйегінде өтеді деп жоспарлануда.