The Sun берген ақпарат бойынша, 22 жастағы «Манчестер Юнайтедтің» жартылай қорғаушысы Мемфис Депай команданың бас бапкері Жозе Моуриньюдан басқа командағы жіберуін сұрады.

Осы маусымда нидерландтық футболшы негізгі құрамда бар болғаны 20 минут ойнаған. Ол ойын уақыты көп болуы үшін басқа командаға ауысуды жөн санап отыр.

Депай «МЮ» сапына 2015 жылы ПСВ-дан ауысқан болатын. Айта кету керек, футболшы 4 жылдық келісім шартқа отырған болатын.