"Лестер" командасының қақпашысы Каспер Шмейхэльге құда түскендер көп. Бірақ, осы жақында ғана бас бапкер Клаудио Раньери баспасөзге ол жайлы сұқбат берді. "Каспер сатылмайды. Ол қақпашы бізге қатты керек. "Лестер" командасы өз футболшыларын сатып ақша таппайды. Біз қаржылық қиындықтардан аулақпыз" деді маман.