«Манчестер Юнайтедтің» шабуылшысы Златан Ибрагимович Роналдо мен Криштиану Роналдуды салыстырды. - Мен үшін Роналдо мен футбол егіз ұғым еді. Оның алаңдағы әрбір қимылын көріп рухани ләззат алатынмын. Ондайларды құдай ерекше жаратқан. Криштиану Роналдумен бір командада ойнаған жоқпыз. Меніңше, оның табиғаты мүлде бөлек. Роналду ұзақ жаттығудың арқасында мықты болған сияқты, — деді Ибрагимович ESPN сайтына.