Astana Pro Team велокомандасы норвегиялық спортшы Трульс Корсетпен екіжылдық келісімшартқа отырды.

23 жастағы велошабандоз бұған дейін Team Joker — Byggtorget командасының намысын қорғаған.

«Әлемдік турда ойнау менің арманым болған. «Астана» командасының арқасында бұл мақсатыма жеттім. Қазақстандық ұжымға ауысқаныма өте қуаныштымын. Алғашқы Әлемдік турымды асыға күтудемін», - деді Трульс Корсет елордалық клубтың ресми сайтына.