Клубтың қытайлық Sino Europe консорциумы «Миланға» 350 миллион евро инвестиция құймақ, деп жазады Corriere dello Sport. Италиялық клубтың жаңа басшылары ресми түрде жұмысын бастамады. Sino Europe ірі келісімдерді келесі жылдың жаз мезгілінде бастамақ. Олар ең алдымен «Челсидың» жартылай қорғаушысы Сеск Фабрегас пен «Реалдың» ойыншысы Исконы алуды көздеп отыр. Сонымен қатар Матео Ковачичты да команда қатарында көргісі келетіндерін анық білдірді. Естеріңізге сала кетейін, Sino Europe клубтың 99,3 пайыз акциясын алған болатын. Келісім бағасы 740 миллион евроны құрады.