Қзақстандық жартылай қорғаушы Аслан Дарабаев керекулік «Ертіспен» келісім шарт жасасты. Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі хабарлады.

27 жастағы қарағандылық футбол мектебінің түлегі алматылық «Қайраттан» ауысты. Сонымен қатар, ол осыған дейін «Шахтер», «Атырау» және «Ақтөбе» сапында ойнаған болатын.

Ұлттық құрама үшін төрт ойын өткізген.