«Астананың» шабуылшысы Джуниор Кабананга Конго Демократиялық Республикасы құрамасының соңғы тізіміне енді, деп жазады KazFootball.kz.Қара құрлықтың басты жарысы 2017 жылдың 14-ші қаңтары мен 8-ші ақпан аралығында Габонда өтпек. Негізгі құрамға ілігу үшін астаналық клубтың шабуылшысы Беник Афобе («Борнмут», Англия), Седрик Бакамбу («Вильяреал», Испания), Дьемерси Мбоканимен («Халл сити», Англия) таласқа түседі.

Осы маусымда ҚПЛ-да Кабананга 12 матчқа қатысып, 5 гол соққан болатын. Сонымен қатар, Қазақстан Кубогының финалында конголық матчтағы жалғыз голды соғып, командасына жеңіс сыйлаған.