Sportarena басылымының ақпараты бойынша, украиналық шабуылшы Юрий Коломолец қазақстандық клубтардың біріне ауысуы мүмкін. 26 жастағы шабуылшы «Кривбассаның» түлегі. Одан кейін «Нефтяник-Укрнафта», «Горняк», «Александрия», «Ворскл» құрамында ойнаған. Соңғы клубында 21 ойын өткізіп, 8 гол соққан болатын.