Промоутер Том Леффлерің айтуынша, WBA/WBC/IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин мен америкалық Дэниэл Джейкобс арасындағы жекпе-жектің билеттері жылдам сатылуда.

«Негізгі сатылымның алғашқы күндеріне көңіліміз толады, оның үстіне ол Рождество күніне дәл келгенін ескеруіміз керек. 2015 жылы қазандағы жекпе-жекке қарағанда билеттерді жылдам сатып жатырмыз. Сол кезде Madison Square Garden толы болған еді. Дэниэл Джейкобстің Бруклиннен болғаны, қосымша қызығушылық әкеліп жатыр», — деді Леффлер.

Естеріңізге сала кетсек, Головкин - Джейкобс кездесуі 18 наурызда Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында өтеді.