«Astana Arlans» клубының жаңа маусымдағы құрамы анықталды.

Жаңа маусымдағы негізгі құрамға 20 боксшы еніп отыр. Ақпан айында басталатын жобаға барлығы 12 команда қатысады. «Astana Arlans» топта «China Dragons» (Қытай), «Uzbek Tigers» (Өзбекстан) және «Russian Boxing Team» (Ресей) командаларымен бірге бақ сынайды.

«Astana Arlans» командасының құрамы:49 кг: Теміртас Жүсіпов , Ермек Мадиев;
52 кг: Олжас Сәттібаев, Әнуар Мұзапаров;
56 кг: Ілияс Сүлейменов, Жанболат Қыдырбаев;
60 кг: Зәкір Сафиуллин, Мирасәлі Сәрсенов;
64 кг: Ділмұрат Мижитов, Мақсат Жексенбі;
69 кг: Асланбек Шымбергенов, Қанағат Маралов;
75 кг: Ерік Әлжанов, Сапарбай Айдаров;
81 кг: Нұрдәулет Жарманов, Арман Рысбек;
91 кг: Антон Пинчук, Мұхамеджан Еркін;
+91 кг: Олжас Боқаев, Дмитрий Зиско.
Қазақстандық клуб жаңа маусымдағы алғашқы кездесуін Ресейдің «Russian Boxing Team» командасына қарсы өткізеді. Бұл кездесу ақпан айына жоспарланған.