Алматылық ұжымның баспасөз-қызметіне сүйенсек, ресейлік шабуылшы Александр Упалев «Тюменьге» қайта оралды.

Упалев пен қазақстандық команда арасындағы келісімшарт аяқталды.

Естеріңізге сала кетсек, «Тюмень» Александр Упалевті алматылық клубқа жалға берген болатын. Ресейлік футзалшы УЕФА кубогының Элиталық кезеңінде «Қайратқа» көмектесіп үлгерді.