Түкиядағы оқу-жаттығу жиынында қызылордалық ұжым қостанайлық командамен жолдастық кездесу өткізді.

Тартысты өрбіген ойын 1:1 есебімен тең аяқталды. Алдымен, «Тобылдың» ойыншысы Шимкович таблода есеп ашса, артынша «Қайсарда» байқауда жүрген Валиулин таразы басын теңестірді.