Аргентинада жылдың ең үздік спортшысы аталды.

Тілшілер арасындағы дауыс беру қорытындысы бойынша теннисші Хуан-Мартин дель Потро жыл үздігі атанды. Биыл бұл сыйлықты Риодағы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері, Аргентина құрамасының Дэвис кубогын жеңіп алуына сүбелі үлес қосқан теннисші Хуан-Мартин дель Потро иеленді. Ол дауыс қортындысыбойынша каталондық «Барселонаның» үздік сұрмергені Лионель Мессиді басып озды. Хуан-Мартин дель Потро: «Месси де бұл марапатқа лайықты. Елі үшін еңбек сіңіріп жүр. Менің бұл марапатты алғаным сәл әділетсіздеу де болған шығар. Бірақ біз сіздердің қолдауларыңыздың арқасында елімізді әлі де танытамыз».