Daily Mail берген ақпарат бойынша, Камерун құрамасының жеті ойыншысы Африка ұлттары Кубогына қатысудан бас тартқан.

Олар: Ибраим Амаду («Лилль»), Ги Роллан Н'Ди Ассембе («Нанси»), Жоэль Матип («Ливерпуль»), Андре Онана («Аякс»), Аллан Ньом («Вест Бромвич»), Максим Пунджа («Бордо») және Андре-Франк Замбо («Марсель»).

Бас бапкер Хуго Броос қарап қалмай, оларды клубтарында ойнатқызбау үшін дисквалификация берілуін талап етуде.

Естеріңізге сала кетейін, Африка ұлттары Кубогы 14-ші қаңтар мен 5-ші ақпан аралығында Габонда өтпек.