Болгариялық «Локомотивтің» шабуылшысы Матиас Курьор «Қайсарда» байқауда жүр.

Өткен маусымда Мартиника құрамасының ойыншысы «Локомотив» сапында 11 матчқа қатысып, үш гол соққан.

Бұған дейін бірнеше клубта ойнап шықты: «Нант Б» (Франция), «Гиньон» (Франция), «Ориуела» (Испания), «Атлетиков Балеарес» (Испания), «Голден Лайон» (Мартиника), «Уракан Валенсия» (Испания), «Черно Море» (Болгария), «Динамо Тбилиси» (Грузия).

Мартиника құрамасында алты ойынға қатысып, бір голдың авторы атанған.