«Клубтар арасындағы әлем чемпионатының финалында «Касима Антлерс» командасын ұтып алған «Реал Мадрид», өзінің халықаралық турнирлердегі 21-ші титулын иемденді. 114 жылдық тарихы бар «патшалық клуб» - чемпиондар лигасын 11, УЕФА Еуропа Лигасын 2, Еуропа Суперкубогын 2, Континентаралық кубогты 3 рет, Иберо-американдық кубок және Франц Беккенбауэр кубогын жеңіп, халықаралық жарыстардағы титулдарының жалпы санын 21-ге жеткізді. Ал Барселонаның еншісінде халықаралық турнирлерде 20 титул. Айта кететін жайт, бұл санаққа Латын кубогы мен Кіші әлем кубогы қосылмады» - деп хабарлайды Marca.