Қазақстан құрамасы Франция, Словения және Беларусь командаларымен бір топқа түсті.

Ньон қаласында Кәрі құрлықтың жасөспірімдер құрамалары (17 жасқа дейінгі) арасында Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңіне жеребе жасалды. Мұнда Еуропаның 52 елі қатысты.

Қазақстандықтар Франция, Словения және Белорусь құрамаларымен бірге 6-шы топта өнер көрсетеді.

Құрлықтық біріншілік 2018 жылы Англияда өтеді.

Жеребе нәтижесі:

1-тобы: Бельгия, Швейцария, Солтүстік Ирландия, Мальта

2-тобы: Испания, Хорватия, Албания, Лихтенштейн

3-тобы: Чехия, Түркия, Израиль, Армения

4-тобы: Ресей, Исландия, Финляндия, Фарер аралдары

5-тобы: Сербия, Греция, Норвегия, Гибралтар

6-тобы: Франция, Словения, Беларусь, Қазақстан

7-тобы: Шотландия, Дания, Эстония, Андорра

8-тобы: Босния және Герцеговина, Словакия, Молдова, БЮР Македония

9-тобы: Нидерланды, Уэльс, Венгрия, Косово

10-тобы: Австрия, Румыния, Литва, Люксембург

11-тобы: Ирландия, Украина, Болгария, Әзірбайжан

12-тобы: Польша, Швеция, Кипр, Сан-Марино

13-тобы: Италия, Грузия, Латвия, Черногория

Элиталық кезеңге автоматты түрде жолдама алған: Германия, Португалия

Финалдық кезеңге автоматты түрде жолдама алған: Англия (турнир қожайыны)