Бүгін Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25- жылдығына орай Мәдениет және спорт министрлігінде өткізілген салтанатты жиында мәдениет, өнер және спорт қайраткерлері марпатталды. Бұл туралы ҚФФ ресми сайты жазды.

Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Сейілда Байшақовқа «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медалін табыстады. Ол жиын қатысушыларына арналған құттықтау сөзінде Қазақстан Тәуелсіздік күні елдің әрбір азаматының өмірінде маңызды мереке екендігін айтып өтті.

«Елбасымыздың сарабдал да көреген саясатының арқасында Қазақстан Тәуелсіздік жылдарында бәсекеге қабілетті экономикасы, дамыған инфрақұрылымы және ірі интеллектуалды капиталыбар табысты мемлекетке айналды. Мемлекеттің өркендеуінде өз үлесін оның дамуына күнделіті еңбегімен үлес қосып жүрген әрбір азаматымыздың маңызы ерекше»,- деді министр.

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасының мемлекеттілігінің тұрақтануы, егемендігінің нығаюы және әлеуметтік дамуына маңызды үлес қосқан еліміздің азаматтары және шет мемлекеттердің азаматтары марапатталатын «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» медалі бекітілді.