Қазақстандық Геннадий Головкиннің бапкері Абель Санчес өз шәкіртінің қарсыластары туралы айтып берді.

«Джейкобс Геннадий үшін жақсы қарсылас болады деп ойлаймын. Өз жолын бастап жатқан оппоненттердің ішінде ең жақсысы сол. WBO титулының иегері британиялық Билли Джо Сондерс те жаман емес. Головкин барлық титулын жинаған соң, екінші орта салмаққа ауысуға болады. Ол жақта Головкинмен жұдырықтасқысы келетін чемпион бар. Сол салмақта кездесу өткізген соң, Геннадий өзіне қаншалықты ұнайтынын бағалай алады. Егер қалап жатса, қолынан келіп жатса, жартылай ауыр салмақ бар. Сәл көтерілсе, Андре Уорд, Сергей Ковалев және басқа да мықты жігіттер жүр», - деді Санчес «Р-Спортқа» берген сұхбатында.