«Ертіс» футбол клубы қақпашы Давид Лориямен келісім шарт мерзімін ұзартты. Келісім шарт 2018 жылы өтетін маусымның соңына дейін жасалған.

Давид Лория «Автомобилист» (Шортанды), «Астана» («Жеңіс)(Астана), «Есіл» (Көкшетау), «Шахтер» (Қарағанды), «Хальмстад» (Хальмстад, Швеция), «Спартак-Нальчик» (Нальчик, Ресей), «Локомотив» (Астана), «Чайкур Ризеспор» (Ризе), «Каршияка» (Измир, екеуі де — Түркия) командаларында ойнаған болатын.