Мексикадағы Гвадалахарде полиция боксшы кіші Алехандро Гонсалестің (25-3-3, 15 КО) өлі денесін тапты, деп жазады «Чемпионат».Боксшының денесі үйінің жанындағы жүк көлігінен табылған. Оның денесінің жанынан тағы екі дененің табылғаны анықталды. Оның бірі боксшының атасы екені белгілі болған. Алехандроның өліміне қатысты толық ақпарат жоқ.