Ережесіз жекпе-жектен жеңіл салмақ дәрежесінде UFC чемпионы Конор Макгрегор атышулы «Тақтар ойыны» сериалына түседі.

Ирландиялық «файтер» кішігірім эпизодта теңізшінің рөлін сомдайды. Түсірілім Ирландияның Белфаст қаласында өтуде. МакГрегор қазіргі таңда сонда жүр.