Бокстан ауыр салмақ дәрежесінде WBO чемпионы украиналық Александр Усик (10-0, 9 КО) өз салмағындағы басқа чемпиондармен кездескісі келетінін айтты.

«Кездескім келетін боксшылар көп. Жақында ғана әлем чемион атанған Мурат Гассиевпен жұдырықтасқым келеді. Сондай-ақ, англиялық былғары қолғап шебері Тони Белльюмен де төбелесер едім», - деді Усик Boxingscene сайтына.

Естеріңізге сала кетсек, 17-ші желтоқсан күні Александр АҚШ-та оңтүстік африкалық Тхабисо Мчунумен (17-2, 11 КО) күш сынасады.