«Жетісу» кәсіпқой волейбол клубының ойыншысы ҚР көші-қон туралы заңнамасын бұзғаны үшін айыппұлмен жазаланды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» Алматы қалалық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«30-шы қараша күні Алматы халықаралық әуежайында құжат тексеру барысында Z. есімді азаматшаның Қазақстан Республикасында заңсыз жүргені анықталды. Z. Қазақстан Республикасына 19.09.2016 жылы келіп, сол уақыттан бері ішкі істер органдарында тіркелмеген және Қазақстан Республикасының аумағынан өту жайлы транзиттық ережелерді сақтамаған», — деп жазылады хабарламада.

Сот отырысында волейболшы өз кінәін толығымен мойындаған. Сот 15 айлық көрсеткіш сомасында, яғни 31815 теңге, айыппұл салған.