Футболдан Қазақстан жастар құрамасының ойыншысы Григорий Сартаков керекулік «Ертістен» кетті.
Бұл туралы Prosports тілшісіне «Ертістің» қақпашысы Антон Цирин айтты. Голкипердің айтуынша, ол да керекулік клубтан кетті. Цирин «Қайсардың» оқу-жаттығу жиынына қатысатын болды.
«Маусым аяқталысымен Сартаков Қостанайға кететінін айтты» - деді Цирин.
Естеріңізге сала кетсек, Сартаков - «Ертіс» футбол мектебінің түлегі.
Комментарии