Дотмундтық «Боруссияның» шабуылшысы Пьер-Эмерик Обамейянг тағы да спорттық мансабын мадридтық «Реалда» жалғастырғысы келетінін айтты.

Габондық футболшы Чемпиондар лигасының топтық кезеңіндегі соңғы матчынан кейін осы туралы сөз қозғаған. Айта кетейін, осы матчта «Боруссия» сырт алаңда «Реалмен» ойнап, тең түскен болатын.

« «Реал» ма? Иә, мен атама осы командада ойнауға уәде бергенмін. Бірақ қазіргі күні мен «Боруссияда» өзімді жақсы сезінемін. Бұл туралы болашақта сөйлесеміз», — деп Обамейянгтың сөзін AS жеткізді.