Бірінші жартылай орта салмақ дәрежесінде WBA/WBC чемпионы америкалық боксшы Дэнни Гарсия қазақстандық Геннадий Головкиннің жұдырықтасу стилін ұнататынын айтты.

- Головкиннің жекпе-жектерін жиі тамашалаймын. Маған оның жұдырықтасу стилі ұнайды. Әзірге ол орта салмақтың ең мықты боксшыларымен кездескен жоқ. Бірақ соған қарамастан, оның әр жекпе-жегі нокаутпен аяқталады. Бокс жанкүйерлеріне бұл қатты ұнайды, - деді Дэнни Гарсия BoxingScene сайтына.