Ережесіз жекпе-жектен UFC жұлдызы Конор МакГрегор боксшы лизенциясын алғаннан кейін америкалық Флойд Мэйвезермен кездеспекші.

- Бар ойым бокста болып, бұл спорт түрімен белсене айнала бастасам, менен не шығатынымды ешкім білмейді. Мен мұнда Флойд Мэйвезердің бір жерін айыру үшін келдім. Осыны білулерін қажет. Жекпе-жек тағдырын бір соққы шешу мүмкін. Ал Мэйвезердің қартайғанын ескерсек, жеңіске жету мүмкіндігім жоғары. Сондай-ақ, басқа да қарсыластарды қарастыруға дайынмын. Бәлкім, Флойдтың бұрынғы қарсыластарының бірімен жұдырықтасуым мүмкін, - деді ирландиялық «файтер».