Қазақстандық боксшы, WBA нұсқасы бойынша «тұрақты» чемпион Бейбіт Шүменов (17-2, 11 КО) келесі жекпе-жегі қашан болатынын жария етті.

ҚазАқпараттың хабарлауыншар, Шүменовтің кезекті жекпе-жегі Майамиде 2017 жылдың 11 ақпанына белгіленіп отыр. Оның қарсыласы - WBA нұсқасының «уақытша» чемпионы, кубалық боксшы Юниер Дортикос (21-0, 20 КО).

Еске сала кетейік, осы кездесуге қатысты сауда Бүкіләлемдік бокс қауымдастығының (WBA) штаб-пәтерінде қараша айында өткен болатын. Бұл сауданы Дортикостың атын қорғаған Caribbean Promotions компаниясы жеңіп алды.

Бұның алдында Шүменов ресейлік боксшы, WBA (Super) чемпионы Денис Лебедевті (29-2, 22 КО) жекпе-жекке шақырған. Алайда ресейлік боксшы бұған құлақ аспағандықтан, қазақстандық боксшы Дортикоспен кездесу ұйымдастыруға құлықты екенін жеткізген.

Өз кезегінде, Лебедев 3 желтоқсан күні, ресейлік Мұрат Гассиевпен өткізген жұдырықтасуда жеңіліс тауып, IBF титулынан айырылды.