Британиялық боксшы Билли Джо Сондерс болашақ қарсыласы Геннадий Головкинмен жекпе-жек туралы өз пікірін айтты.

«Менің орындауымдағы осындай жекпе-жекті көру үшін ақша төлеп келген жанкүйерлерден кешірім сұраймын. Бұл жекпе-жектің алдында Головкинді кездесуге шақырған едім, енді осыдан кейін өзімді ыңғайсыз сезініп жүрмін», - деді Сондерс.

Айта кетейік, Сондерс қазақстандық Геннадий Головкиннің негізгі қарсыластарының бірі саналады. Қос боксшы да жұдырықтасуға келісіп отыр. Билли WBO тұжырымы бойыншы әлем чемпионы. Ал Геннадийге барлық белбеулерді өзіне жинау үшін, Сондерстің еншісіндегі титул ғана жетпей тұр.