Boxingnews24.com порталының журналисі Геннадий Головкин немесе Сауль Альвареске қарсы жекпе-жектерде Билли Джо Сондерстің мүмкіндігін өте төмен бағалады.

«Акавовқа қарсы кездесуде Сондерс Головкин мен Альварестан алыс екенін көрсетті. Олардың кез келгені Биллиді жоқ қылып жібереді және оны жылдам жасайды. Сондерсте еш мүмкіндік жоқ, бұл жігіттермен жекпе-жегі үш раундтан да аспайды. Мұндай Сондерс Головкинді де, Канелоны да жеңе алмайды. Шынымды айтсам, ол өзінің ең үздік қалпында болса да, бұл жекпе-жектерді жеңіске жете алмайтын секілді», - деп жазды Скотт Гилфойд.