Испанияның салық органдары Криштиану Роналдудың салық төлемегеніне қатысты тергеу бастамақ.

Германиялық Spiegel басылымы агент Жорже Мендештің жоспары бойынша футболшы 150 млн евро салық төлемегенін жазған болатын.

«Өздеріңіз білетіндей, Испанияның салық инспекциясы кәсіби тергеу жұмыстарын жасайды. БАҚ беттерінде жазылған ақпарат шыққаннан кейін біз бұл істі өзіміздің қолымызға алуымыз керек деп шештік», — деп Хосе Энрике Фернандес де Мойидың сөзін Marca басылымы жеткізді.