Ағылшын премьер-лигасының баспасөз қызметі айдың үздік ойыншысы мен бапрері атағына үміткерлерді таңдап алды.

АПЛ-дың қараша айындағы үздік футболшысы атағына Серхио Агуэро («Манчестер Сити»), Златан Ибрагимович («Манчестер Юнайтед»), Диего Коста, Педро (екеуі де – «Челси»), Джордан Пикфорд («Сандерленд») пен Мэтт Филлипс («Вест Бромвич»).

Ал, қараша айының үздік бапкері атағына «Челсидің» бапкері Антонио Конте, Хосеп Гвардиола («Манчестер Сити»), Юрген Клопп («Ливерпуль») және Дэвид Мойес («Сандерланд») үміткер ретінде таңдалған.

Дауыс беру 5-ші желтоқсан күні аяқталып, нәтижесі 9-шы желтоқсан күні жарияланбақ.