«Барселонаның» бұрынғы президенті Лапорта кезінде Криштиану Роналду сатып алуға жақын болғанын айтты.

«Роналдиньо, Маркес пен Куарежманы сатып алдық. Роналду ол кезде «Спортингте» ойнайтын. Біз оның агентімен келіссөз жүргіздік, ал агенті бізге Декуді сатқысы келді. Бірақ біз Декуді сатып алуға ақшамыздық жоқ екенін айттық. Сол кезде ол тағы бір мықты ойыншы бар екенін айтты. Ол Роналду болатын.

Олар Криштиану Роналдудың 19 миллионға «Манчестер Юнайтедке» ауысуына келісіп қойған еді. Ал «Барселона» 17 миллион ұсынды», - деді Лапорта.