Фифаның жыл сайын ресми түрде жыл үздігін анықтайтын әдеті бар. Биыл іріктелген сайыпқырандардың қатары алдын ала дауыс беру қорытындысы бойынша тағы да қысқарды. Сонымен, үздік атануға мүмкіндігі бар 3 ойыншы қалды. Олар "Барселонаның" сұрмергені Леонель Месси, Португалия құрамасының капитаны Криштиану Роналду және Францияны өрге сүйреген Антуан Гризман.

Айта кетейік, Месси биыл Испания чемпионы әрі кубок иегері атанды. Ал Гризман болса "Атлетико" сапында Чемпиондар лигасының финалына, сосын Франция құрамасымен Еуро-2016 финалына жетті. Ал осы аталған екі жарыста Криштиану Роналду жеңіске жетті.

Үздіктің аты 9 қаңтар күні Цюрихте анықталады.